Денсаулық сақтау саласын цифрландыруға 38 млрд бөлінді

1027

Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаевтан қазына қаржысы қалай игеріліп жатқанын сұрады. Халық қалаулысы қомақты қаражат 2016-2020 жылдар аралығында бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау саласын цифрландыруға 38 млрд бөлінді Фото: inbusiness.kz

"Денсаулық сақтау саласын цифрландыруға бөлінген 38 млрд қалай игеріліп жатыр. Ақша жете ме?" – деген сауал қойды депутат вице-министрге. 

Жандос Бүркітбаев қаражат тиісінше игеріліп жатқанын, денсаулық сақтау министрлігінің саланы цифрландыру мәселесін кезең-кезеңмен толық шешуге мүмкіндігі бар екенін айтты. 

Вице-министрдің депутатқа берген жауабы дерексіз, дәйексіз, сенімсіз болды. Осының түсінген депутат мәселені ары қарай қазбалаған жоқ. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу