Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу денсаулық сақтауды қаржыландыруды 1 трлн теңгеден 2,5 трлн теңгеге дейін ұлғайтты. Бұл медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға негіз болды", – деді министр.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқасында елдегі бір тұрғынға арналған шығыстар да айтарлықтай өсті.
"Егер бұрын әр адамға 56 мың теңге болса, қазір бұл көрсеткіш 122 мың теңгені құрайды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін медициналық ұйымдарың да саны 2 есеге өсті, қазіргі таңда 2000-ға жуықтады", – деді Ажар Ғиният.