2019 жылы денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласына 137,7 млрд теңге инвестиция салынды, деп хабарлады Finprom.kz.
Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 12,7%-ға жоғары. Осы орайда аталған сома жалпы республикалық көрсеткіштің 1,1%-ы ғана екеніне назар аударған жөн.
Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ 2018 жылы денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласына 122,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Сол жылы жылдық өсім 26%-ды құрады.
Инвестицияның көлемі бойынша 15,1 млрд теңгемен Алматы облысы көш бастап тұр. Бұл жалпы республикаға қарастырылған қаржының 11%-ы. Одан кейінгі орында 14,8 млрд теңгемен – ШҚО, 13,8 млрд теңге көрсеткішімен Алматы қаласы тұр.
Осы орайда еліміздің 8 өңірінде аталған салаға бөлінген қаржы көлемі қысқарған.
Ал СҚО (2,6 млрд теңге) мен Атырау (3,2 млрд теңге), Маңғыстау (3,8 млрд теңге) облыстарының денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласына ең аз қаржы бөлінген.