Денсаулық сақтау саласына арналған шығыстардың үлесі 2,8 %-дан 3,7 %-ға дейін өсті

Мемлекет басшысы бұл үлесті 2027 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің 5 %-ға дейін ұлғайту мақсатын қойды. 

Денсаулық сақтау саласына арналған шығыстардың үлесі 2,8 %-дан 3,7 %-ға дейін өсті Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жалпы ішкі өнімнің жалпы көлеміндегі денсаулық сақтау саласына арналған шығыстардың үлесі 2019 жылғы 2,8 %-дан 2022 жылы 3,7 %-ға дейін өсті. Мемлекет басшысы бұл үлесті 2027 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің 5 %-ға дейін ұлғайту мақсатын қойды", – деді министр.

Денсаулық сақтауға жұмсалатын жалпы шығыстар кезінде жалпы ішкі өнімнің 5 %-ы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде жалпы өмір сүру ұзақтығы 70 жылды құрады, бұл 70-ші жылдары.

"Жалпы ішкі өнімнің 10 % кезінде жалпы өмір сүру ұзақтығы 2019 жылы – 80 жыл болды.  Көріп отырғанымыздай, денсаулық сақтау саласына шығыстарды ұлғайту және медициналық көмектің сапасы, қолжетімділігі,  жалпы өмір сүру ұзақтығы арасында тікелей байланыс бар. Сонымен қатар, былтыр Қазақстанда денсаулық сақтау саласына жұмсалған шығыстар жалпы ішкі өнімнің 3,7% болған кезде, жалпы өмір сүру ұзақтығы 74 жылды құрады. Қазір халықтың медициналық қызметтерге ақы төлеуге арналған қалта шығыстарының үлесі 2018 жылғы 34%-дан 2022 жылы 31%-ға дейін қысқарды", – деді Ажар Ғиният.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу