Астана қоғамдық кеңесінде елорданың 2018–2020 жылдарға 875,5 млрд теңге мақұлданды, деп хабарлайды naryk.kz.
Елорданың басты қаржы құжатын экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді таныстырды.
Соның ішінде 2018 жылға республикалық бюджеттен 346 млрд теңге бағытталмақ. Бұл қаржының 31,8%-ы әлеуметтік салаға беріледі. Биыл аталған салаға 90 млрд теңге бөлінген болатын.
Жалпы үш жылға "Нұрлы жол" бағдарламасының шығындарына 512,6 млрд теңге қарастырылса, келесі жылы соның 243,3 млрд теңгесі жұмсалмақ. Ал "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша үш жылға 208,8 млрд теңге, ал келер жылға 125,2 млрд теңге бағытталмақ.
Ал білім саласына 44 млрд теңге қарастырылды. Бастауыш сыныптың тамақтануына, студенттердің жолақы билетіне, мектеп оқулығын сатып алуға жұмсалатын қаржы да осыған кіреді.
Денсаудық сақтау саласына 9,5 млрд теңге бөлінеді, бұл қаржы 2017 жылдағыға қарағанда 70 пайызға аз. Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражаттың азаюы міндетті медициналық сақтандыру қорының кей міндеттемені өз мойнына алуына байланысты.