Денсаулық сақтау саласына құйылған инвестиция 44%-ға артты

765

Осылайша қаржы көлемі 83 миллиард теңгеге жетті.

Денсаулық сақтау саласына құйылған инвестиция 44%-ға артты

Бұл соманың жартысы Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Шығыс Қазақстан облысына бөлінген.

Finprom.kz басылымының дерегі бойынша, 2020 жылдың қаңтар және шілде айлары аралығында денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласына 82,9 миллиард теңге шығындалды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 45,4%-ға көп. Инфляцияны есепке алсақ, өсім 43,7% болды.

Соңғы жеті ай ішінде құйылған қаражаттың шамамен үштен бірі (31,1%) жеке қаржы есебінен бөлінген. 32%-ы жергілікті бюджеттен алынған, бір жылда оның көлемі 2,2 есе өсіп отыр. Республикалық бюджеттен түскен салым көлемі 1,8 есе қысқарып, 12,3 миллиард теңге болды. 

Құйылған инвестиция көлемі бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр: 18,7 миллиард теңге, былтырғыдан 2,2 есе артық. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы: 10,3 миллиард теңге, бір жылда 3,8 есе көбейген. Содан кейінгі орында Шығыс Қазақстан облысы: 8,8 миллиард теңге. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу