Денсаулық сақтау саласына құйылған инвестиция көлемі артты

1107

Биыл 47,7 млрд теңге шығындалды.

Денсаулық сақтау саласына құйылған инвестиция көлемі артты

2020 жылдың алғашқы бес айында елімізде денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет салаларына тартылған инвестиция көлемі 89,7%-ға артып, 47,7 млрд теңгеге жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Finprom.kz басылымының дерегінше, өткен жылдың қаңтар және мамыр айларындағы көрсеткіш 25,2 млрд теңге болған екен. 

Денсаулық сақтау саласына құйылған инвестицияның өсуіне қарыз бен бизнестің меншікті қаржысы есебінен салымның көбеюі септігін тигізіп отыр. Меншікті қаржы есебінен келген инвестиция 2,2 есе өсіп, 8,7 млрд теңгеден 18,8 млрд теңгеге жеткен. Қарыз ақша 11,5 есе артып, 1 млрд теңгеден 11,4 млрд теңгеге дейін өсті. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен құйылған инвестиция көлемі де артты: бір жылда 78,9%-ға көтеріліп, 9,3 млрд теңге болды. Ал республикалық бюджеттен денсаулық сақтау саласына шығындалған қаражат көлемі азайған: бір 15,9%-ға қысқарып, 8 млрд теңгеге жетті. 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметке бөлінген қаражат мөлшері жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр: биыл 13,4 млрд теңге бөлінген. Былтырғы көрсеткіштен 9,4 есе көп. Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы инвестиция 5 есе көбейіп, 8,6 млрд теңге болды. Алматы облысында, керісінше, құйылған инвестиция көлемі 2,8 есе азайып, 3,4 млрд теңгеге дейін қысқарған. Одан кейінгі орындарда Маңғыстау (3,3 млрд теңге) және Шығыс Қазақстан (3,2 млрд теңге) облыстары. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу