Денсаулық сақтау саласында жемқорлыққа қатысты сыртқы талдау жүргізілуде

399

Талдау Агенттіктің, Денсаулық сақтау министрлігінің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен және азаматтық қоғам өкілдерімен жүргізілетін болады. 

Денсаулық сақтау саласында жемқорлыққа қатысты сыртқы талдау жүргізілуде Фото: Inbusiness.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады. Талдау шеңберінде медициналық бұйымдарды сатып алу, ауруханалар мен емханаларды салу және жөндеу, сондай-ақ медициналық мекемелер қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу қоры және "СҚ-Фармация" ЖШС қызметі мәселелері зерделенетін болады.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдауға қатысуға шақырады.

Егер Сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе денсаулық сақтау саласын жетілдіру бойынша ұсыныстар болса оларды электрондық поштаға жіберуіңізге болады abdrakhmanov.n@antikor.gov.kz.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу