Денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйесі ашық емес

1428

Денсаулық сақтау саласын цифрландыруға ерекше назар аударылып жатыр.

Денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйесі ашық емес

Бүгінге дейін медицина ұйымдарының инфрақұрылымы жаңғыртылып, ақпараттық жүйе іске қосылды. Мобильді және веб-қосымшалар қолданысқа берілді. 
Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Вице-министр саладағы кемшілікті де бүкпесіз баяндады. 

"Денсаулық саласында бірқатар өзекті мәселе бар. Нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарау қажет. Бұл жерде тариф мәселесіне ерекше назар аудару маңызды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында көрсетілген медициналық көмектің шығынын өтеу мәселесі күн тәртібінде тұр. Медицина саласындағы ақпараттық жүйенің алгоритмі оңтайландырылуға тиіс, – деді Жандос Бүркітбаев.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, денсаулық сақтау саласында қазір 47 ақпараттық жүйе қолданылады. Оның ішінде бір-бірінің қызметін қайталайтындары бар.  

"Пациенттердің пікірінше, денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйесі ашық емес. Денсаулық сақтау саласын цифрландыруға жаңа әдіс, тың тәсіл қажет", – деді Жандос Бүркітбаев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу