Денсаулық сақтау ұйымы QazVac-ты қашан мойындайды?

560

Отандық QazVac-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қашан мойындайтыны әзірге белгісіз.

Денсаулық сақтау ұйымы QazVac-ты қашан мойындайды?

Отандық QazVac-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қашан мойындайтыны әзірге белгісіз.

ДДС ұйымының сарапшылары биыл қараша айында елімізге келіп, вакцинаны шығарып отырған зауыт пен тиісті органдардың жұмысын тексереді.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұл вакциналарды мойындау бойынша дүниежүзіндегі мемлекеттерге берілетін тәртіп бірдей. Қазақстанға бөлек тәртіп болмайды. Вакцина шығарып отырған зауытымыз барлық тәртіпке сай болу керек. Ол вакцинаны мойындап отырған, сараптама жасап отырған орган дүниежүзілік стандарттарға сәйкес болу тиіс", – деді Ажар Ғиниятқызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу