Карантин кезінде интернет-дүкендердің табысы 40-50 пайызға өсіп, жылдық айналымы 1,5 млрд долларға жетуі мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.
Қазақстандағы интернет бизнес қауымдастығының басшысы Константин Горожанкиннің айтуынша, тұтынушылар онлайн сауда жасауды күнделікті әдетке айналдырған.
Әлбетте өсім барлық салада бірдей емес. Қазіргі жағдайда тағамдар мен азық-түлік жеткізу қызметтері, такси, интернеттегі тауар мен қызмет үшін ақша қабылдайтын процессингтік сервистер, мобильді және интернет операторларының табысы күрт өсті. Сондай-ақ онлайн-несие беру көрсеткіші де екі есеге артқан. Ал аталғандардан басқа тауар мен қызметтер минусқа кеткен.