Денсаулық сақтау вице-министрі Ербаян Мұхтардың жағдайына қатысты түсініктеме берді

418

Сарбаз ауыр жарақат алған.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербаян Мұхтардың жағдайына қатысты түсініктеме берді Фото: Үкімет

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Түркиядан ем алып келген Ербаян Мұхтардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өкінішке қарай, ол ауыр жарақат алды. Біздің мамандардың бағалауы бойынша оның оңалып кету әлеуеті аса үлкен емес. Бұл көрсеткішті үнемі қайта бағалап, бақылап отыру керек. Жуырда ол Түркиядағы клиникадан оралды. Өкінішке қарай, оның нақты қандай оңалту емін алғанын айта алмаймын. Біз оны үйіне жеткіздік. Мемлекеттің өз азаматтарын шетелден санавиация арқылы ұшақпен жеткізуге мүмкіндігі бар. Жақын маңдағы көрші елдердің көбінде ондай мүмкіндік жоқ. Осындай санавиация құралының бір бағытқа барып-қайту жолына шамамен 50-60 миллион теңгедей кетеді. Осы жолы Денсаулық сақтау министрлігі Ербаянның емі мен жол шығындарын ішінара өтеді", – деді Тимур Мұратов.

Оның сөзінше, мемлекет өз азаматтары үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын. 

"Арнайы мамандар мен сарапшылардан құралған топ оның жағдайын қайта қарайды. Осылайша оңалту әлеуетін тағы бір мәрте бағалайды", – деп жауап берді ДСМ өкілі.

Айта кету керек, бұған дейін Ербаян Мұхтар Түркиядан Қазақстанға оралғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу