Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішов қамауға алынды

735

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.  

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішов қамауға алынды

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті растады.

"Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері қамауға алды", - деді комитеттен.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мәліметтері жария етілмейді.

Айта кетсек, Олжас Әбішев 2018 жылы денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жауап берді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу