Денсаулық сақтау вице-министрі ұсталды

628

 Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу ісі құпия жағдайда жүргізіледі.

Денсаулық сақтау вице-министрі ұсталды

Бюджет қаражатын жымқырған. Қамауға алынған Денсаулық сатқтау вице-министрі Олжас Әбішевке осындай айып тағылды. Ақпарды Қаржы мониторингі комитеті ресми растап, мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Atameken Business. 

Хабарламаға қарағанда, Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу ісі құпия жағдайда жүргізіледі.

Демалыс күндері әлеуметтік желіде, шенеуніктің қолына кісен салынғаны түсірілген видео тарады.

38 жастағы Олжас Әбішев 2018 жылы вице-министр лауазымына тағайындалған. Ведомствоның цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік қызметіне жауапты болыпты. Министр Алексей Цойдың айтуынша, орынбасары өткен аптада өз еркімен жұмыстан шығып кетіпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу