Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға 5,7 трлн теңге жұмсалады

824

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы талқыланғанда алдағы 3 жылда қазына қаржысынан әлеуметтік салаға 26,7 трлн теңге жұмсалатынын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға 5,7 трлн теңге жұмсалады

"Бюджеттің жалпы көлеміндегі шығыс үлесі келесі жылы 50,8%-ға дейін өседі. Шығыс көлемінің көп бөлігі азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру мен оларға көмек көрсетуге бағытталады. Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға арналған шығыс 2022-2024 жылдары 5,7 трлн, оның ішінде 2022 жылға 1,8 трлн теңгені құрайды. Осы қаражат арқылы медицина қызметкерлерінің еңбекақысын ұлғайту көзделген", – деді министр. 

Әсет Ерғалиевтің айтуынша, алдағы 3 жылда білім және ғылым жүйесін дамытуға 7 трлн, оның ішінде 2022 жылға 1,8 трлн теңге көзделген. Бұл биыл бөлінген қаражаттан 477,1 млрд теңгеге артық. 

"Экономиканың нақты секторын қолдауға және дамытуға арналған шығыс орта мерзімді кезеңде 3,6 трлн, оның ішінде 2022 жылға 2 трлн теңгені құрайды", – деді қаржы министрі.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу