Денсаулық сақтауда негізгі капиталға салынған инвестиция бір жылда 22,5%-ға азайған

669

Саладағы инвестиция көбінесе Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Түркістан облысына тартылған. 

Денсаулық сақтауда негізгі капиталға салынған инвестиция бір жылда 22,5%-ға азайған

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі бір жылда 22,5%-ға қысқарып, биыл қаңтар-қыркүйекте 120,2 млрд теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Бір жыл бұрын "коронадағдарысқа" байланысты салаға инвестиция тарту көрсеткіші 85,7%-ға өскен. Жалпы негізгі капиталға салынған инвестиция 2%-ға өскен (2019 жылы салаға инвестиция тарту 4,9%-ға төмендеген). Алайда Қазақстан бойынша негізгі капиталға салынған инвестицияның барлық көлемінен денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге құйылған инвестиция үлесі бір жылда 1,8%-дан 1,4%-ға қысқарған.

Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге тартылған инвестиция көлемінің жартысынан астамы 3 өңір: Алматы (30,6 млрд теңге), Нұр-Сұлтан (17 млрд теңге) және Түркістан облысы (17 млрд теңге) үлесінде, ал Атырау (644,7 млн теңге), Ақтөбе (1 млрд теңге) және Ақмола (1,5 млрд теңге) облыстарына инвестиция аз тартылған.

Аталған салада 477,5 мың адам жұмыс істейді. Биыл қаңтар-қыркүйекте сектордағы бір қызметкерге негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі тек 254,7 мың теңге болды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (327,1 мың теңге) аз.

2021 жылғы үшінші тоқсанда денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы орташа айлық жалақы 225,1 мың теңге болды, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 7,6%-ға аз.

Сектордағы жалақы қаржы және сақтандыру қызметі сегментіндегі жалақыдан 2 есе, ал құрылыстағы жалақыдан 28,4%-ға төмен.

Сондай-ақ денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы жалақының сатып алу қабілеті бір жылда 13,7%-ға өскен, бұл – әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету (+26,1%), құрылыс (+21,9%) және білім беру (+13,9%) секторларынан кейінгі төртінші көрсеткіш.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу