Денсаулық саласына 27 миллиард теңге қарастырылды

1056

Денсаулық саласына 27 миллиард теңге қарастырылды

Астана қаласы маслихатының бюджеттің әлеуметтік мәдени дамуы мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысында белгілі болғандай, алдағы үш жылдық кезеңге денсаулық сақтау басқармасына 27,4 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде 2018 жылы бұл салаға 9,5 млрд теңге бөлінеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
"2018 жылы денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржының жалпы көлемі шамамен 28, 9 млрд теңгені құрамақ. Дәлірек айтқанда, сала қор есебінен де қаржыландырылатын болады. Бұл қаражаттың шамамен 19,5 млрд теңгесі дәрі-дәрмекке, скринингтік зерттеулерге, жедел жәрдеммен қамту қызметіне бағытталатын болады", - дейді Астана қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді.
Оның айтуына қарағанда, ана мен баланы қорғау қызметтеріне алдағы үш жылға - 1 млрд теңге, дәрі-дәрмекпен қамту шараларына 1,2 млрд теңге қарастырылып отыр. 2018 жылы аталмыш мақсатқа 380 млн теңге бөлінеді.
"2018 жылы бюджет қаражатының 320 млн теңгесі 100 орынға лайықталған мамандандырылған сәбилер үйінің тәрбиеленушісіне, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың күтіміне бағытталатын болады. 2018-2020 жылдарға арналған бюджет жобасына сәйкес, вакцинаны сатып алу және сақтау шараларына 455 млн теңге бөлінеді. Мәселен, 2018 жылы А гепатитіне қарсы 19 мың, тұмауға қарсы 18 мың вакцина сатылып алынбақ. Бұл мақсаттағы шығындардың көлемі 141 млн теңгені құрайтын болады", - деді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу