Елімізде денсаулық саласына салынған қаржы көлемі айтарлықтай өсті. Осыдан екі жыл бұрын инвестиция көлемі 57 млрд теңге болса, былтыр 50,6 млрд теңгені құраған. Ал биыл 13 пайызға артты.
Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет саласындағы инвестицияның негізгі көзі – республикалық бюджет. Биылғы жылдың қаңтар-шілдесінде бюджеттен аталған секторға 21,8 млрд теңге бөлінген.
Ал өсім айтарлықтай байқалған аймақтар тізіміне Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы және Нұр-Сұлтан қаласы кіріп отыр.
Денсаулық саласына ең көп инвестиция құйылған өңірлер тізімін 13,2 млрд теңгемен Шығыс Қазақстан бастады. Екінші орынға 8,6 млрд теңгемен Алматы қаласы жайғасты. Үздік үштікке 6,7 млрд теңгемен Алматы облысы енген. Айта кетерлігі, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге салынған жалпы инвестицияның 50 пайызы осы ТОП-3 өңірге тиесілі.