Денсаулық саласында жүрген 191 мың жұмысшысының жалақысы көтеріледі

473

Денсаулық саласында жүрген 191 мың жұмысшысының жалақысы көтеріледі

Денсаулық сақтау саласында ұйымдастырушылық-құқықтық нысанға қарамастан 191 мың еңбекақысы аз жұмысшылардың жалақысы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап көтеріледі, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау жүйесінің жұмысшыларына жалақыны көтеруге арналған шығыстарға қажеттілік 27,2 млрд теңгені құрайды.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны көтеруге қаржыландыру "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" ҚР денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығына өзгерістер енгізу арқылы медициналық қызметтердің барлық түрлеріне арналған тарифтерді ұлғайту арқылы көзделген.

Медициналық қызметтерге арналған бекітілген тарифтердің негізінде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ медициналық ұйымдармен 2019 жылға денсаулық сақтау саласының еңбекақысы аз жұмысшылар санаттарының жалақысын көтеруге шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді міндетті түрде қоса отырып, келісімдер жасалатын болады.

Еңбекақысы аз лауазым санаттарына жалақыны төлеу мониторингісі "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ жасалған келісімдердің шарттарына сәйкес жүргізетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу