Денсаулық саласындағы капитал жұмсалымы 1,5 есе өсті

751

Бұл ҚР-ның инвестициялық портфелінің 1,5% ғана. Былтыр бұл көрсеткіш 0,9% болған еді.  

Денсаулық саласындағы капитал жұмсалымы 1,5 есе өсті

2020 жылдың алғашқы сегіз айында еліміздегі негізгі капиталға бөлінген инвестиция көлемі 4,3%-ға қысқарып, 7 трлн теңге болды. Бұл туралы Finprom.kz басылымы хабарлады. Бұған қарамастан денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет саласына шығындалған капитал жұмсалымы  55,8%-ға өсті. 

Қаңтар және тамыз айлары аралығында бұл салаға 103,6 млрд теңге құйылды. Оның 43,9 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен, 16,5 млрд теңгесі қарызға алынған қаражаттан, 28,9 млрд теңгесі бизнестің жеке қаражатынан, 13,9 млрд теңгесі республикалық бюджеттен бөлінген. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу