Денсаулық төлқұжаты кезең-кезеңмен енгізілетін болады

939

Денсаулық төлқұжаты кезең-кезеңмен енгізілетін болады

Келесі жылдан бастап елімізде электрондық денсаулық паспортын кезең-кезеңмен енгізу жоспарланған. Кез келген адам өзінің дербес деректеріне электрондық үкіметтің сайтындағы пациенттің жеке кабинеті арқылы қол жеткізе алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникацилар қызметінде өткен баспасөз конференциясы кезінде мәлім болды, деп хабарлайды ortcom.kz.

ҚР ДСМ "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК бас директоры Олжас Әбішевтің айтуынша, платформаның негізгі мақсаты – әрбір пациент туралы ақпаратты басқару. Ал бұл ақпарат бірыңғай репозиторийде сақталады және медицина қызметкерлеріне қолжетімді болады. Осылайша, пациент медициналық ұйымға келгенде, дәрігер ол туралы толық ақпаратты көреді. Солардың ішінде, оның бұрын ауырған аурулары, созылмалы ауруларының болуы, дәрілік заттарға ықтимал аллергиялық реакциялары, талдау нәтижелері болады. Бұл ақпарат дәрігерге қажетті емдеу тағайындауға мүмкіндік береді.

"Жасанды интеллект және машиналық оқыту жобасы бұл дәрігерлерге дәлелді медицинаның емдеу әдістерін ұсынатын жасанды интеллекттің когнитивтік платформасы. Бағдарлама емдеудің жеке әдістерін іріктеумен, онкологиялық сараптауға қолжетімділікті масштабтайды және 300 астам медициналық ғылыми журналдың, 200 оқулықтың деректері және мәтіннің 15 млн жуық бетін өңдеумен медициналық әдебиеттің ірі көлемін талдайды, осылайша ол емдеу хаттамасының оңтайлы нұсқаларын таңдауды ұсынады" – деді Олжас Әбішев.

Бұған қоса, әлемдік зерттеулердің негізінде қазақстандық онкологиялық науқастардың 100 000 медициналық жазбаларын талдау бойынша пилоттық жоба ұйымдастырылады. Ол науқастарды ең үздік және тиімді емдеуді анықтау үшін енгізілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу