Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталған азамат экстрадицияланды

116

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жеке адамға қарсы ауыр қылмыс жасағаны үшін сот үкімін орындау мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.    

Денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталған азамат экстрадицияланды Фото: gov.kz

Бұл туралы inbusiness.kz сайты Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған тұлға 2023 жылы Риддер қаласында алкогольдік ішімдік ішу барысында жәбірленушімен  жанжалдасып, жиналмалы пышағымен оның басы мен денесіне ауыр жарақаттар салған. Уақтылы көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалды.

Сот үкімімен ол бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталып, алайда өзіне жүктелген міндеттерді орындамай, қылмыстық жазасын өтеуден жалтаруына байланысты халықаралық іздеу жарияланды.

Өткен жылдың қыркүйегінде іздестірудегі Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде ұсталып, кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта сотталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Енді ол 12 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу