Денсаулыққа зиян келтіруге қатысты 10 қылмыстың 9-ы есірткімен байланысты

1161

Аталған саладағы қылмыстар саны 13%-ға артты.

Денсаулыққа зиян келтіруге қатысты 10 қылмыстың 9-ы есірткімен байланысты

Елімізде 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында адам денсаулығы мен моральдік зиян келтіруге қатысты 1,8 мың құқық бұзушылық тіркелді. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 13%-ға жоғары, деп хабарлады inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен жылдың қаңтар-ақпан айларында осындай 1,6 мың қылмыс тіркелген. 
Өңірлер бойынша ең көп қылмыс Алматыда анықталды – 201 жағдай. Бір жылда көрсеткіш 34,9%-ға өскен. Одан кейінгі орында 175 құқық бұзушылықпен елорда тұр. Мұнда көрсеткіш 50,9%-ға артқан. Одан кейінгі орында Жамбыл облысы (168 құқық бұзушылық, + 73,2%).

Ал өңірлер бойынша ең жақсы нәтиже Қызылорда облысында тіркелген. 2 айда бар болғаны мұндай 19 қылмыс анықталған. Бір жыл бұрын қаңтар-ақпан айларында өңірде денсаулыққа зиян келтіруге қатысты 111 құқық бұзушылық тіркелген еді. 

Жалпы мұндай қылмыстардың басым бөлігі, яғни 10-нан 9-ы есірткі және психотропты заттарға қатысты орын алады. Ал жыл басынан бері есірткі тұтынған адамдар жалпы саны 162 қылмыс жасаған. Оның 46-сы – орташа ауыр, 15-і – ауыр және 6-ы – аса ауыр қылмыстарға жатады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу