Депозит: қандай банктер көш бастап тұр?

1299

Елімізде салымдардың жиынтық көлемі бойынша үздік ондыққа кіретін банктер анықталды (2020 жылдың қорытындысы бойынша).

Депозит: қандай банктер көш бастап тұр?

2021 жылдың басында қазақстандық банктердегі салымдар 21,56 триллион теңгеге өскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,9%-ға (немесе 3,58 триллион теңгеге) артық, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Өсім инфляциядан 3 есе артық. Бұл көрсеткіштің нақты өскенін көрсетеді. Яғни әлемдегі "коронадағдарысқа" қарамастан қазақстандық банктер халық пен бизнестің сенімін сақтап, депозиттегі қаражаттың көлемін арттырған.

Үздік ондықтағы банктің тоғызының қаржылық жағдайы жақсы екенін байқауға болады.

Үздік екінші деңгейлі банктің ондығындағы абсолют көшбасшы – Jýsan Bank: мұнда депозиттер 43,9%-ға немесе 932,9 миллиард теңгеге дейін өскен. Бұл рекордтық көрсеткіш болып саналады.

Айта кетейік, банк жеке және заңды тұлғалар секторында депозиттер көлемі бойынша ірі ондыққа кіреді. Қаржы институты 2 бағыт бойынша да оң нәтиже көрсетіп отыр: Jýsan Bank-тегі бизнес салымдары бір жылда 2 есе өскен (463,9 миллиард теңгеге дейін). 

Бұл – салымдардың жиынтық көлемі бойынша екінші деңгейлі банктің үздік ондығына кіретін қаржы институттары арасында корпоративті депозиттер өсуінің ең жоғары көрсеткіші.

Халықтың Jýsan Bank-тегі салымдары бір жылда 12%-ға немесе 469 миллиард теңгеге дейін өскен. Осылайша, қаржы институтының салымдар портфелі – корпоративті және бөлшек сегменттер арасында тең үлестермен бөлінген, демек Jýsan Bank бизнес үшін де, жеке тұлғалар үшін де сенімді болып саналады.

Екінші орында – Kaspi Bank: мұнда салымдар бір жылда 38,1%-ға немесе 2,25 триллион теңгеге дейін өскен.

Айта кетейік, банк халық салымдарының көлемі бойынша үздік ондыққа кіргенімен бизнес салымдары бойынша бұл тізімде жоқ (мұнда Kaspi Bank тек 13-орында).

Банк салымдарының өсуі нақ осы бөлшек сегментте – 32,3%-ға немесе 2,02 триллион теңгеге дейін өскен (бұл негізінен бөлшек саудадағы банк салымдарының жиынтық портфелінің 89,7%-ы).

Салымдардың жылдық өсуі бойынша үшінші орында – Сбербанк: плюс 35,5% немесе 2,15 триллион теңге. Банк бизнес және халық салымдары бойынша да үздік ондыққа кіреді: екі сегменттегі үлесі
49,3% және 20,5%.

Жалпы банк секторы бойынша бизнес-салымдардың көлемі 22,5%-ға немесе 10,62 триллион теңгеге дейін артқан. Ал халықтың депозиттері 17,5%-ға немесе 10,94 триллион теңгеге дейін өскен.

Корпоративті салымдар екінші деңгейлі қазақстандық банктердің
жиынтық депозит портфелінің 49,2%-ын, бөлшек салымдар 50,8%-ын алады.

Айта кетейік, 2017 жылдан бастап депозит портфелі тұтастай алғанда сектор бойынша бизнес пен халық арасында тең бөлінген және тепе-теңдік сақталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу