Депозит салымшыларының жинақтары 19 трлн теңгеден асты

566

Ұлттық банк ұсынған мәліметтерге сәйкес, 1 наурыздағы есеп бойынша депозиттер мөлшері 19,4 трлн теңгені құрады.  

Депозит салымшыларының жинақтары 19 трлн теңгеден асты Фото: zakon.kz

2022 жылдың екінші кезеңінде депозит мөлшері 16,4 трлн теңге болған. Яғни биыл жинақ сомасы 18 пайызға немесе 3 трлн теңгеге ұлғайды.

Қаражаттың көп бөлігі, атап айтқанда 13,4 трлн теңге - жеке тұлғалардың жинағы. Ал заңды тұлғалардың депозиттері 6 трлн теңгеден асты.

Салымышылардың басым бөлігі ақшасын ұлттық валютамен сақтайды.

Өңірлерге келетін болсақ, Алматы мен Астана тұрғындары депозитке көбірек ақша салады. Алматы тұрғындары жинаған депозит мөлшері 8,05 трлн теңге болса, Астана тұрғындары 4,2 трлн теңге жинаған.

Сондай-ақ Қарағанды облысында – 922,7 млрд теңге, Қостанай облысында – 637,1 млрд теңге және Шығыс Қазақстан облысында – 610,4 млрд теңге жинақталған.

Ең аз қаражат - 62,2 млрд теңге. Ол Ұлытау облысыны тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу