Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі директорлар кеңесінің шешімімен тұрғын үй құрылыс жинақтары шартын жасағаны үшін және шарттық соманы арттыру үшін алынатын комиссия көлемі 0 теңге болып бекітілді.
Бұл өзгертулер 2017 жылдың 3 сәуірінен бастап күшіне енеді, деп жазды банктің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұрын аталмыш қызметтер үшін алынатын комиссия көлемі - шарттық соманың және депозиттің арттыру сомасының 0,55%-ын құраған еді. Сондай-ақ директорлар кеңесі банктің 2016 жылға арналған қаржы есептілігін алдын-ала бекітті және отырыс барысында 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша банк басқармасы қызметінің есебі, 2016 жылға арналған 2014-2023 жылдардағы банктің ұзақмерзімді стратегиясын іске асыру бойынша 2014-2016 жж. арналған шаралар жоспарын орындау туралы есептері бекітілді. Сонымен бірге банктің ұйымдастыру құрылымы мен кадрлық өзгертулерге қатысты мәселелер де қарастырылды.