Елдегі банктердің депозиттік көрсеткіштері қандай?

1132

Қазан айына қарай банктердегі салымдар 25,1 трлн теңгеге жетті. Бұл бір ай бұрынғыдан – 2,3%-ға, жыл басындағыдан 16,3%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz тілшісі ranking сайтына сілтеп.

Елдегі банктердің депозиттік көрсеткіштері қандай?

Jusan Bank деген жаңа ірі ойыншы пайда болды. Күздің басында АТФ банктің топ ондығына кіретіндерді де сатып алды. Біріктірілген қаржы институты бір ай ішінде салымдар көлемін 46,8%-ға ұлғайтты. Салым бойынша нарықтың 6%-дан астамын иеленді. Бұл – 1,6 трлн теңге.

Айлық өсім бойынша америкалық банктің елдегі еншілесі "Ситибанк Қазақстан" (11,1%) мен Bank RBK (6,3%) да көзге түсті.

Jusan Bank-тің салымдар портфелі тепе-теңдікпен ерекшеленеді. Заңды тұлғалардың салымдары банктің жалпы депозиттік портфелінің 55%-ын алады. Тұтастай алғанда, заңды тұлғалар сегментінде банк әрқашан өнімдер жағынан да, қызметтерді цифрландыру дәрежесі жағынан да артықшылықтарға ие болды. Атап айтқанда, банк QR технологиясын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдаудың кәсіпкерлер үшін тиімді жүйесі – Jusan Tole-ні іске қосты. Бұл шешім бизнес иелеріне сату көлемін ұлғайтуға, ал сатып алушыларға – банктің бонустық бағдарламаларына қатысуға және тауарларды 12 айға дейін бөліп-бөліп немесе 1,5 млн теңгеге дейін несиеге сатып алуға мүмкіндік береді. Бизнес-серіктестер үшін Jusan Tole төмен комиссияны қарастырады – әрбір алынған төлем үшін соманың тек 0,8%-ы ұсталады.

Жаңадан құрылған алып банктің корпоративтік салымдар портфелі қазірдің өзінде 862 млрд теңгеге жетті. Бір айда – 36,1%, жыл басынан бері бірден – 85,8% қосты. 

Корпоративтік салымдардың өсімі бойынша Ситибанк (11,3%) пен Альфа-Банк (9,3%) көшбасшылардың үштігіне кірді.

Жалпы елдің ірі банктерінің арасында өсу бойынша Jusan Bank алда келеді. Көшбасшылар үштігінде ресейлік "қыз", Сбербанк пен Bank RBK кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу