Депозиттер бойынша 10%-дық сыйақы алу үшін не істеу керек?

1428

Жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша өтемақы төлеу тәртібі әзірленді. Құжат 2022 жылдың 12 қыркүйегінен қолданысқа енгізілді.

Депозиттер бойынша 10%-дық сыйақы алу үшін не істеу керек?

10%-дық сыйақы оны алуға келісімін растаған және  2023 жылғы 1 қаңтарға дейін банктерге өтінім жолдаған салымшыларға ғана төленеді, деп жазды inbusiness.kz.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьевтің айтуынша, өтемақыны тек 2022 жылғы 24 ақпанға дейін теңгемен ашылған депозиттер бойынша төленеді. 

Өтемақы жинақ, яғни ақшаны ішінара алу құқығынсыз ашылған депозиттер мен мерзімді салымдар бойынша төленеді. 

"Сыйақы 20 млн теңгеден аспайтын сомаға қарастырылған", – деді маман.

Бұл ретте, сыйақы банк белгісіз мерзімге ашатын және клиенттің бірінші талабы бойынша қайтарылатын салымдарға, шартты салымдарға, ағымдағы банктік шоттарға төленбейді.

Ескерте кететіні, салымшының бір банкте бірнеше депозиті болса, онда өтемақы жалпы сомасы 20 млн теңге көлемінде төленеді. Ал егер салымшының бірнеше қаржы институтында депозиттері болса, онда өтемақыны әрбір салым бойынша, 20 млн теңге шегінде беріледі.

Сонымен қатар теңгедегі салымдар мерзімі аяқталмаған немесе 2023 жылғы 23 ақпанға дейін ұзартылған болуы шарт. Бұған қоса салымшы 10%-дық сыйақыны банктік депозит шарты тоқтатылмаған, жинақтар депозиттен толығымен шешіп алынбаған жағдайда ала алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу