Депозиттер бойынша тамыздағы ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

799

Әзірге пайыздық мөлшерлеме өзгеріссіз қалды. 

Депозиттер бойынша тамыздағы ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 2021 жылдың тамыз айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабаралайды inbusiness.kz.

"Қысқа мерзімді теңгелік депозиттер бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлеме өзгерген жоқ. Өйткені маусым айында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,0% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады", – деп жазылған хабарламада. 

Еске сала кетсек, мұндай депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелердің көлемі базалық мөлшерлемеге тікелей тәуелді.

"12 және 24 айға арналған мерзімді салымдар және 24 айға арналған жинақ салымдар бойынша ең жоғары мөлшерлемелер де бұрынғы деңгейінде қалды. Бұған депозит нарығының осы сегментінде белсенділіктің төмендігі себеп", – деп хабарлады Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры.

12 айға арналған жинақ депозиттер бойынша орташа нарықтық мөлшерлемелер төмендегендіктен, аталған депозиттерге бойынша шекті мөлшерлеме 13,9%-ға дейін азайды. Алайда аталмыш депозиттер бойынша мөлшерлемелер басқа жинақ түрлері арасында ең жоғары болып есептеледі. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу