Депозиттерді кепілдендіру қоры мөлшерлемелерді төмендетті

871

3 және 6 айға арналған қысқа мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер 10% деңгейінде бекітілді.  

Депозиттерді кепілдендіру қоры мөлшерлемелерді төмендетті

Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры теңгедегі қысқа мерзімді және мерзімсіз салымдарға ұсынылған мөлшерлемені төмендетті, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан.

"12 және 24 айға ашылған жинақтық депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлеме бұрынғы деңгейінде қалады. Яғни толықтырылатын түрі - 12,9% және толықтырылмайтын түрі - 14,9%. Бұл ретте осы мерзімдерге ашылған салымдар бойынша мөлшерлемелер толықтырылатын түрі бойынша 0,1 пайыздық тармаққа (бұдан әрі – п.т.) және толықтырылмайтын түрі бойынша 0,3%-дық тармаққа азаяды", – деп хабарлады Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры.

Айта кететіні, 12 және 24 айға арналған мерзімді және жинақ салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелер орташа алынған нарықтық сыйақы мөлшерлемелері негізінде есептеледі.

ҚДКБҚ қысқа мерзімді салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін баяу төмендету туралы бұған дейін қабылдаған шешіміне сәйкес базалық мөлшерлемені 1 п. тармаққа төмендетті. Осылайша 9,5% болатын қазіргі қолданыстағы базалық мөлшерлеме мен жеке тұлғалардың салымдары бойынша бұған дейін бекітілген мөлшерлемелер арасындағы алшақтық біртіндеп азайтылмақ.

Нәтижесінде теңгедегі мерзімсіз депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелер жылына 10% деңгейінде бекітіледі. Толықтыру құқығы бар, 3 және 6 ай мерзімге арналған мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер 11%-дан 10%-ға, толықтырылмайтын түрі бойынша - 11,5%-дан 10,5%-ға төмендеді. Осы мерзімге арналған жинақ депозиттер бойынша мөлшерлемелер, толықтырылатын түрі бойынша - 11%, ал толықтырылмайтын түрі бойынша 11,5%-ға тең.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу