Депозиттерді кепілдендіру жүйесіне 30 банк қатысып жатыр

1318

Депозиттерді кепілдендіру жүйесіне 30 банк қатысып жатыр

Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры (ҚДКҚ) www.deposit-kdif.kz депозиттік порталын іске қосты. Бұл туралы қор төрағасы   Бақыт Қоғылов айтты, деп хабарлайды kaztag.info.
Оның айтуынша, порталда депозиттерді кепілдендіру жүйесіне қатысушы-барлық банктердің депозиттері бойынша бірыңғай шоғырландырылған база бар.  
"Депозиттік портал қызметі жеке тұлғалардың салымдары айналасына шоғырланған. Қолданушылар талаптарымен танысып, бірнеше рет шерту арқылы өздеріне ыңғайлы депозит түрін таңдай алады.  Атап айтсақ, біз салым валютасы, мөлшерлемесі, төлем аудару жиілігі, сыйақыны капиталдандыру секілді күнделікті талаптармен қатар, айырбастау мүмкіндігі, қашықтықтан басқару және депозитер бойынша акциялар секілді салымшылардың сұранысы бойынша талаптарды да ескердік. Сондай-ақ, депозиттік порталда банктердің негізгі көрсеткіштері секілді мәліметтер де бар", - деді  Бақыт Қоғылов баспасөз мәслихатында.  
Портал әлеуетті салымшыға өзіне сәйкес келетін депозит пен банкті таңдауға көмектеседі.  Ол үшін депозиттерді салыстыруға сүзгілерді қолдану керек екен.  
Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры ҚР ұлттық банкінің ұйымы, банктік шоттардың барлық түріне орналастырылған жеке тұлғалардың ақшалай қаражатын қайтарумен байланысты депозиттерді кепілдендіру жүйесіндегі қатысушы-банктердің міндеттемелеріне кепілдік береді.
ҚДКҚ кепілдігі жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің барлық салымдарына таралады. Теңгемен салынған депозиттер бойынша кепілдіктің максималды сомасы  Т10 млн, шетел валютасындағы депозиттер бойынша Т5 млн құрайды. Қазір депозиттерді кепілдендіру жүйесіне 30 банк қатысып жатыр.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу