Депозиттерге өтемақы төлеуге өтініш қабылдау 5 күннен соң аяқталады

491

Теңгелік депозиттер бойынша 10% мөлшерінде өтемақы төлеуге өтініштер қабылдау 2023 жылдың 10 ақпанына дейін ұзартылған еді.    

Депозиттерге өтемақы төлеуге өтініш қабылдау 5 күннен соң аяқталады Фото: zakon.kz

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) депозиттер бойынша өтемақы төлеуге өтініш қабылдау 5 күннен соң аяқталатынын еске салды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына сілтеме жасап.

"10 ақпаннан кейін өтініштер қабылдау автоматты түрде аяқталады", - делінген Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры таратқан хабарламада.

Соңғы деректер бойынша 2023 жылдың 3 ақпанына қарай, банктер депозиттер бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеуге салымшылардан 306,2 млрд теңгеге өтініштер қабылдады. 

"Қандай да бір себептермен өтініш бермеген салымшыларды мемлекет беретін біржолғы сыйлықақыны алуға өтініш беруге шақырамыз. Бұл үшін салымшы депозиті ашылған банкке жүгінуі тиіс. Мұны соңғы күнін қоса алғанда ағымдағы жылдың 10 ақпанына дейін банктердің бөлімшелерінде немесе мобильдік қосымша арқылы онлайн түрде жасауға болады. Банктер сыйлықақыны 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін төлей бастайды. Осы ретте өтемақы салым бойынша банктер төлейтін пайыздық сыйақы мөлшерлемесінің үстінен қосымша есептелетіндігін атап өткім келеді", - дейді ҚДКБҚ төрағасының орынбасары Алмас Құдайбергенов.

Өтемақы депозитте 2022 жылдың 23 ақпанынан 2023 жылдың 23 ақпанына дейінгі аралықта депозитте болған ең аз қалдық ақшаға есептеледі.

Толыққанды ақпаратты салым орналасқан банктерден білуге болады немесе сауалдарды info@kdif.kz поштасына, @kdif_ask Тelegram-чатына жолдауға, 1460 тегін нөмірі арқылы ҚДКБҚ байланыс орталығына хабарласуға мүмкіндік бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу