Депутат "Туристік Қамқор" қорына шүйлікті

832

Депутат "Туристік Қамқор" қорына шүйлікті

"Туристік Қамқор" мемлекеттік қоры қажет емес, оның орнын бұрынғыша сақтандыру компанияларымен алмастыру қажет. Мәжілістің кеңейтілген отырысында халық қалаулылары осындай мәлімдеме жасады. Депутат Меруерт Қазбекова үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған сауалында аталған қордың тиімсіздігін, ал оның атқарып жатқан жұмысын тұманды деп айыптады. Оның айтуынша құрылған екі жыл уақыт ішінде оған 230 млн теңгеден астам қаржы жиналған. Алайда мемлекеттік қор осы екі жыл ішінде шетелде қиындыққа тап болған отандастарымызға үш-ақ рет жәрдемдескен. Әр мәселе бойынша бей-берекет қор құра беру ісі елдің экономикалық және әлеуметтік ахуалы кері әсер етеді деді, - депутат.

Меруерт Қазбекова, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

"Әр турист үшін тур операторлар 0,5 Айлық есептік көрсеткіш төлейді. Ол дегеніміз 1134 теңге. Бұл қаржының бәрі қорда жинақталуда. Алайда шетелге сапарлайтын отандастырымздың проблемалары шаш етектен. Қордың оған көмектесіп жатқаны да шамалы. Ал қордағы қаржы біреулердің қалтасына кетіп жатыр ма білмедім"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу