Аймағамбетов 10-11 сынып оқушыларына мектеппен қатар колледжде оқуға мүмкіндік беруді ұсынды

405

Бұл оларға мектеп аттестатымен қатар, нақты бір мамандықты алып шығуға мүмкіндік береді.

Аймағамбетов 10-11 сынып оқушыларына мектеппен қатар колледжде оқуға мүмкіндік беруді ұсынды Фото: gov.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жоғары сынып оқушыларына мектептегі оқумен бірге колледжде білім алуға мүмкіндік беруді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі таңда әр өңір өз қажеттілігін өзі анықтап, мемлекеттік тапсырысты орналастырады. Жалпы мониторинг тағы да жоқ. Колледждер бойынша бірыңғай білім беру тапсырысын қалыптастыру және колледждерді жедел басқаруды Оқу-ағарту министрлігіне тікелей беру мәселесін қарастыруды ұсынамын. Колледждердің материалдық-техникалық жабдықталуын аяқтау қажет, "Жас маман" жобасының жандандырып, қалған 180 колледжді жабдықтау керек. Колледждегі гранттың құнын айтарлықтай ұлғайту маңызды, және бір студентті оқыту құнының әдістемесінде практикалық жұмысқа, шығын материалдарына және жабдықтарға жұмсалатын шығындарды ескеру керек", - деді депутат Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Асхат Аймағамбетов нақты кәсіпорынның өзіне мақсатты білім гранттарын беру тәжірибесін енгізуді ұсынды. 

"Яғни, грант жұмыс берушінің өзіне беріледі, ол болашақ жұмысшыларын кәсіпорынның өзі таңдайды. Өз кезегінде жұмыс беруші түлекті жұмысқа орналастыру туралы кепілдеме береді, дуальді оқытудағы практика орнын, білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысуды да кепілдейді. 10-11 сынып оқушыларына өз таңдауы бойынша мектептегі оқумен бірге колледждерде параллельді түрде оқуға мүмкіндік беру ұсынылады. Мысалы, ауылдарда оқушы түскен дейін сабақ оқиды, түстен кейін қосымша мамандық алып шығуға мүмкіндік беруші едік. Бүгін біз қарасақ, 11-сынып бітіргендердің 50 мыңы 11-сыныптан кейін тағы да колледждерге түсіп жатыр, олар тағы да сол пәндерді қайтадан оқитын болады. Біздің ойымызша, 10-11 сыныпта оқып жатқан балаларға колледжерде паралелльді оқу мүмкіндігін беру керек. Бұл ақшаны да азайтады, балаларға оқуды да тиімді жұмсауға мүмкіндік береді, олар мектепті бітіргенде аттестатпен қоса, нақты бір мамандықты алып шығатын болады", - деді мәжілісмен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу