Депутат адам өміріне қауіп төндіретін тауарларды айналымнан шығаруды ұсынды

200

Биылғы бірінші жартыжылдықта елімізде жаппай тамақтан уланудың 10 жағдайы тіркелді. 

Депутат адам өміріне қауіп төндіретін тауарларды айналымнан шығаруды ұсынды Фото: obk.kz

Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев жарамсыз өнімді қайтарып алуға қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жақында  Маңғыстау облысында мектеп асханасында 460 адамның улан жұртшылықты дүр сілкіндірді. Жүргізілген эпидемиологиялық тексерудің нәтижелері, болжанғандай, өрескел санитарлық бұзушылықтарды анықтады. Өкінішке қарай, бұл факт жалғыз емес. Тек Денсаулық сақтау министрлігінің санэпидбақылау комитетінің ресми дерегінше, 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанда жаппай тамақтан уланудың 10 жағдайы тіркелген. 215 адам зардап шекті, оның ішінде 103-і балалар. Уланудың жалпы санының 60 пайызы қоғамдық тамақтандыру объектілеріне, 20 пайызы білім беру объектілеріне, қалған 20 пайызы сауда объектілеріне тиесілі", - деді депутат.

Сөзінше, уланудың барлық жағдайы немесе өмір мен денсаулыққа қауіпті тауарларды сату фактілері қанша екенін ешкім білмейді.

"Естеріңізге сала кетейік, "Ақ жол" партиясы 2013 жылдан бастап, Техникалық реттеу саласында тәртіп орнату мәселесін көтеріп келеді. Өйткені, ол өнеркәсіптік және тұтыну өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың техникалық регламенттермен анықталуына байланысты ерекше өзектілікке ие. Сол кезде, біз жосықсыз импорттаушылар азаматтарымыздың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өнімдерді кедергісіз әкелген кезде мысал келтіргенбіз. Тіпті анықталған жағдайдың өзінде, оларды тек айыппұл ғана күтеді, ал тауардың өзін тәркіленбейді. Миллиондаған долларлық айналымда, мұндай "жаза" тек келеке-мазақ шақырады. Мәселен, Шығыс Қазақстандағы импорттаушылардың бірі 130-дан астам рет осындай айыппұл төлеп, бұл оған көптеген жыл бойы улы ойыншықтарды әкелуді және балаларды улауды жалғастыруға кедергі болмаған. Осы орайда,  барлық регламент пен стандарттарды сақтай отырып шығарылатын өнімдер әрдайым кәсіпкердің назарын және жауапкершілігін талап етеді, ал "бұзақылық" және тауар сапасына үнемдеу әрдайым тиімдірек. Көбінесе, пайда табу үшін мұндай қулар технологияны бұзады, осылайша жүздеген адамның, соның ішінде балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді", - деп атап өтті ол.

Фракция депутаттары Үкіметтен сапа мен қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды айналымнан шығарып алу механизмдерін енгізуді талап етіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу