Депутат АЭС-ті Семей полигоны маңына салуды ұсынды

856

Осындай ұсыныспен сенатор Андрей Лукин Үкімет басшысына сауал жолдады. 

Депутат АЭС-ті Семей полигоны маңына салуды ұсынды Фото: Википедия

Сөзінше, Семей ядролық полигоны кезінде атом энергетикасына қатысты біршама ғылыми орталықтар жұмыс істеген. Сол орталықтар Абай облысындағы Курчатов қаласында әлі де бар, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Тіпті қала бюджетінің тең жартысы осы ғылыми нысандардың салықтық түсімдерімен толығып отырғанын айтады. Сондай-ақ қала сейсмикалық тұрақты аймақта орналасқан. Әрі әлеуетті ресурстары бар. Депутат осы мүмкіндікті пайдалану қажет деген пікірде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу