Асхат Аймағамбетов қуанышты жаңалығымен бөлісті

342

Бұл туралы мәжілісмен телеграм арнасында жазды.

Асхат Аймағамбетов қуанышты жаңалығымен бөлісті Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру механизмдеріне өзгерістер енгізуді қолға алды. Бұл шаралар бағаны төмендетуге көмектеседі. Қазір кейбір дәрілердің құны көршілес елдерге қарағанда жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутаттың сөзінше, бірқатар өзгерістер енгізу жоспарланған.

1. Бағаны тіркеуде бірыңғай тәсіл енгізіледі.

Шекті бағаларды қалыптастыру үшін бірыңғай базалық баға белгіленеді. Бұл дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе негізсіз қымбаттатуға жол бермейді.

 2. Негізсіз шығындарды алып тастау.

Бұрын маркетинг және тасымалдау шығындары 30%-ға дейін жетіп, Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тағы 15% үстеме қосылатын. Енді бұл қосымша шығындар алынып тасталады, осылайша бағаны қолжетімді деңгейде ұстауға мүмкіндік туады.
 
3. Көтерме және бөлшек саудаға қосылатын үстемені төмендету.

 • Көтерме сауда – 15-20%-ға дейін.
 • Бөлшек сауда – 20-30%-ға дейін.

 4. Халықаралық деңгейде референттік баға енгізіледі.

Енді дәрі-дәрмек бағасы халықаралық және ұқсас нарықтардағы бағамен салыстырылып отырады. Сонымен қатар, дәріханалардағы бағаны бақылау үшін бірыңғай референттеу жүйесі енгізіледі. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен бірігіп, тасымалдау және басқа да шығындар туралы объективті деректер алынады (ИС "Кеден").

“Біз бұған дейін де Денсаулық сақтау министрлігіне дәрі-дәрмек бағасын қалыптастырудағы мәселелерді атап көрсеткенбіз. Бұл мәселелер бағаның негізсіз өсуіне әкелді. Енді, ақыры, Денсаулық сақтау министрлігі дұрыс қадам жасауда”, – дейді Аймағамбетов.

Депутаты бұл өзгерістер дәрі-дәрмектің қолжетімділігін жақсартуға бағытталған нақты шешім екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу