Депутат әскердегі сарбаздарға жылқы сүті мен етін беруді ұсынды

397

Бие сүтін өңдейтін зауыттарды жылқы көп шоғырланған өңірлерде ашу керек. 

Депутат әскердегі сарбаздарға жылқы сүті мен етін беруді ұсынды Фото: © Sputnik / Абзал Калиев

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу тақырыбына арналған Үкімет сағатында депутат Аманжол Әлтай айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жылқы сүтін тереңдетіп өңдеу арқылы қазақ халқының ұлттық брендіне айналдыру мүмкіндігіміз бар. Жылқы сүтін өңдейтін зауыттар салу жоспарда бар ма? Сүт өңдейтін зауытты жылқы көп шоғырланған Ұлытау, Абай облысы секілді өңірлерде ашқан жөн болады. Бие сүтінің Германияда, Францияда, Қытай елдерінде сұранысы жоғары. Қорғаныс министрлігі сарбаздарымызды бие сүтімен және жылқы еті өнімдерімен тамақтандыру мәселесіне басқа министрлікпен бірлесе мән бергені абзал", - деді А. Әлтай.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу