Депутат әскери қызметтен кеткендердің мұң-мұқтажын ортаға салды

894

Ғазиз Құлахметов баспана, қаза тапқан әскерилердің бала-шағасына қарайласу сынды тақырыптарды көтерді. 

Депутат әскери қызметтен кеткендердің мұң-мұқтажын ортаға салды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Ғазиз Құлахметов әскери зейнеткерлердің базынасымен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Депутаттың айтуынша әскерилер жұмыстан кету мерзіміне қарай үш топқа жіктелген. Яғни 2013 жылға дейін, 2013-2018 жыл аралығы және 2018 жылдан бастап еңбек демалысына шыққандар. Бұл санаттардың әрқайсысына әртүрлі талаптар  қарастырылған.

"Біздің ойымызша, бәріне ортақ талап керек. Сонымен қатар "Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі" туралы заңының 55 бабындағы 6; 6-1;7 тармақтарды алып тастаған жөн. Келесі даулы мәселе, үй айырбастау нормасы. Заңның 98 бабында 2013-2018 жылдар аралығында әскери қызметтен кеткен азаматтар сотқа барғанда 101 баптың 5 тармақшасына сәйкес, меншік иесінің рұқсатын алуға міндетті болады. Меншік иесі бұл жағдайда - әскери бөлімнің командирі. Ол баспана қоры жоқ деп, рұқсатты бермейді. Сондықтан 101-2 бабының 4 тармағын, 98 бапты алып тастап, әскери қызметтен кеткен, әлі де кететін қызметкерлерге 101-2 бабының 5, 6 тармақтарын қолданған әділ", –  деді депутат Үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың атына сауал жолдай отырып. 

Сонымен қатар ол 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін қаза тапқан әскерилердің бала-шағасына қарайласу мәселесін көтерді. Айтуынша қазіргі кезде мұрагерлік жолмен қызметтік баспананы иелену мүмкіндігінен айрылып отырған отбасылар бар. Сондықтан Ғазиз Құлахметов Заңның 101-9 бабының 2 тармағын алып тастауды ұсынды. 

Сөз соңында мәжілісмен Қорғаныс министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігіне аталған мәселелерді шешу жолдарын іздеп, өтініш жолдаған азаматтардың арыздарын қарап, заңда белгіленген тәртіппен жазбаша түрде жауап берулерін сұрады. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу