"Аукционға өткен жылдары жарғылық капиталы тек ел бюджеті есебінен толықтырылған табысты кәсіпорындар немесе компаниялар қойылады. Ал бүгінгі күні аукцион өтпеген жаңдайда оларды есептік құнның жарты бағасына сатуға мүмкіндік береді. Бұл ретте алдымен оқшаулану деңгейі 50% және одан да көп болған қорғаныс кәсіпорындарын қолдау қажет", – деді Нұржан Нұрсипатов Сенаттың жалпы отырысында депутаттық сауал жолдау отырып.
Депутат бұған дейін Үкіметке ұлттық қауіпсіздік тақырыбы бойынша сауал жолдағанын, онда әскери-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарын жекешелендіру бойынша шаралар қабылдауды, сондай-ақ заң бұзушылықтарға әкеп соқтыратын шешімдер қабылдауға тыйым салуды белгілеуді ұсынғанын атап өтті.
Осыған байланысты сенатор Үкіметке жекешелендіру жоспарларын қайта қарауды ұсынды. Сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алуға қатысты бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеу туралы бастама көтерді, оның басым бағыты өзіміздің әскери-өнеркәсіптік кешенімізді қолдау және дамыту.