Депутат ауыл шаруашылығы мамандығында оқитын студенттердің шәкіртақысын көтеруді ұсынды

521

Олардың стипендиясын педагогикалық және медициналық бағыт бойынша оқитын студенттердің стипендиясымен теңестіру ұсынылды. 

Депутат ауыл шаруашылығы мамандығында оқитын студенттердің шәкіртақысын көтеруді ұсынды Фото: West university

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке тиісті депутаттық сауал жолдады, деп жазады inbusiness.kz.

Ол ауыл шаруашылығы мамандықтарының мәртебесін арттырудың бірден-бір жолы осы мамандықтар бойынша оқитын студенттер мен магистранттардың стипендиясын көтеру екенін жеткізді.

"Қазіргі кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша оқитын студенттердің стипендиясы  58 800 теңгені құрайды. Басқалар, оның ішінде ауыл шаруашылығы мамандықтарының студенттері 38 пайызға төмен, яғни 36 660 теңге алады. Айырмашылық – 22 140 теңге. Бір қарағанда айтарлықтай көп емес, бірақ ауылдан шыққан студент үшін мұның өзі кешенді көмек, бір жыртығын жамауға жақсы жәрдем болар еді. Бұл мамандықтарда негізінен ауылдан шыққан балалар оқиды, олардың ата-анасының да жалақысы жоғары емес екені айтпаса да түсінікті", - деді депутат.

Қарақат Әбденнің мәліметінше, биыл "Ауыл шаруашылық және биоресурстар" мен "Ветеринария" бағыты бойынша бөлінген 2400 мемлекеттік грантқа сұраныс болмаған. Бұдан бөлек жыл сайын бұл салада маман тапшылығы артып келеді, деді ол,

"Елімізде ауыл шаруашылығының түрлі бағыттары бойынша 4 мыңға жуық маман жетіспейді. Әсіресе, ветеринар, механизатор, веттехник, кәсіби техниканың тілін білетін маман табу қиын", - деп атап өтті Мәжіліс депутаты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу