Депутат Авершин Мәжілістің халықаралық істер және қауіпсіздік комитетінде қызмет ететін болды

1513

"Аманат" партиясының мүшесі Константин Авершин Мәжіліс депутаты ретінде ант берді.

Депутат Авершин Мәжілістің халықаралық істер және қауіпсіздік комитетінде қызмет ететін болды

Ол төменгі палатаның халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайланды.

Авершин Константин Викторович 1976 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр. Білімі – жоғары.

1993 жылы Алматы қаласындағы №25 гуманитарлық-лингвистика гимназиясын аяқтады. Сол жылы Брайтон (Ұлыбритания) қаласындағы Bellerbys колледжіне "Бизнес және Экономика" мамандығыбойынша оқуға түсіп, 1995 жылы бітіріп шықты. Президенттік "Болашақ" бағдарламасы бойынша Anglia Ruskin University, European Business and Economics (Кембридж, Ұлыбритания) университетінің "Бизнес және Экономика" мамандығы бойынша түсіп, 1998 жылы аяқтап шықты. Әрі қарай білім алу сатысын Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару Академиясында жалғастырып, 2018 жылы МВА дәрежесін алды.

Өзінің еңбек қызметін 1998 жылы ААҚ "КEGOC" компаниясында сауда департаментінде маман лауазымынан бастады.

2001 жылдан 2009 жылға дейін ҚР ҰҚК-нің № 62156 әскери бөлімінде қызмет етіп, 2009 жылы әскери қызметтен босап, капитан атағында запасқа шықты.

2009 жылы "GulfSandstourismandairCargo" компаниясының филиалына директор лауазымды қызметіне және EuropeAviation, France компаниясының аймақтық өкілі қызметіне шақырылды.

2013 жылы "Red Dragon Almaty" ЖШС құрылтайшысы және бас директоры болды.

2016 жылы Алматы қаласы Мәслихатының депутаты болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу