Депутат Бақытжан Базарбектің отбасына тиесілі балалар арбасын пәтерінің алдында белгісіз біреулер өртеп жіберген.
"Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан-лоққы басталды. Кішкентай балапанымның арбасын пәтеріміздің есігі алдында жағып жіберген. Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар-жоғын ескертіп, білдіртіп отыр.", – деп жазды Б.Базарбек.
Бұған дейін депутат Бақытжан Базарбек 24 млрд теңгенің қайда кеткенін анықтау үшін сегіз облыс әкімдігіне қатысты Бас прокуратураға арыз берген еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу