Депутат бірнеше елді Ресейді қолдауға шақырды

612

Депутат бірнеше елді Ресейді қолдауға шақырды

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Виталий Милонов Қазақстанға Оңтүстік Кореядағы олимпиадаға қатысудан бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Милонов сонымен бірге БРИКС құрамындағы елдердің, Беларусь пен Қырғызстанның ұлттық олимпиада комитеттерінен Ресеймен ынтымақтастығының белгісі ретінде жарысқа қатыспауды сұрады.

"Біздің елмен ынтымақтастықтарыңызды көрсетіп, Ресей құрамасы қатыспайтын болса, олимпиададан бас тартуды ұсынамын. Біздің елдер үнемі солтүстік атлантикалық имперализммен бетпе-бет келіп жүр. АҚШ пен оның жақтастары әр уақытта елдерімізге саяси қысым көрсетіп, экономикалық тұрғыда бопсалап келді. Қазір Сэм көкеміздің басты нысанасы Ресей. Бірақ Батыстың экономикалық аранының тоқпағына ертең сіздің де отаныңыз ұшырамайтынына кім кепіл?", — деп мәлімдеді Милонов. 

Депутаттың пікірінше, Ресей Халықаралық олимпиада комитетінің құрбаны болып отыр. 

Қысқы олимпиада ойындары Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында 2018 жылы 9-25 ақпан аралығында өтеді. Ресейдің олимпиада комитеті ХОК атқарушы комитетінің шешімімен жарыстан  аластатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу