Депутат битумды қыста сатып алуды ұсынды

209

Сөзінше, бұл мезгілде сұраныс пен өнімнің бағасы айтарлықтай төмен. 

Депутат битумды қыста сатып алуды ұсынды Фото: kazgazeta.kz

Сенат депутаты Әлібек Нәутиев битум нарығы сұраныстың маусымдық өзгеруімен сипатталатынын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл, ең алдымен, битуммен қамтамасыз ету мәселесі. Битум нарығы сұраныстың маусымдық ауытқуымен сипатталады: қыста тұтыну азаяды; жазда сұраныс күрт артып, айына 150 мың тоннаға дейін жетеді. Ал жұмыс істеп тұрған битум зауыттарының жиынтық қуаты айына шамамен 100 мың тоннадан аспайды. Салдарынан жаз айларында битум тапшылығы туындап, сұраныстың көбеюіне байланысты бағаның да өсуі байқалады", - деді депутат Сенатта өткен Үкімет сағатында.

Әлібек Нәутиев бұл мәселені шешу жолын ұсынды.

"Сұраныс пен өнімнің бағасы айтарлықтай төмен болған кезде, яғни қыста битум сатып алу керек. Сұраныстың маусымдық ауытқуын болдырмау үшін битум қоймаларын салу қажеттілігі де бар. Көлік министрлігі Энергетика министрлігімен бірлесіп, осы мәселенің оңтайлы шешімін айқындауы қажет деп санаймыз", - деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу