Депутат бөлшек салық мөлшерін төмендету шешімін тездетіп қабылдауды ұсынды

387

Айтуынша, бұл шешім барлық өңірде қабылданған жағдайда қолайлы салық ортасы қалыптасады.

Депутат бөлшек салық мөлшерін төмендету шешімін тездетіп қабылдауды ұсынды Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Руслан Берденов бөлшек салық мөлшерлемесін наурыз айының соңына дейін төмендетуді ұсынып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Салық кодексіндегі бөлшек салық мөлшерін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету мүмкіндігі 2024 жылдың 31 наурыз айына дейін берілген. Сонымен қатар бөлшек салығын қолдану үшін рұқсат етілген қызмет түрлерін 190-нан 364-ке дейін кеңейтілді. Сондықтан жергілікті мемлекеттік органдарға бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету шешімін наурыз айының соңына дейін қабылдап үлгеруге шақырамын", - деді депутат.

Сөзінше, бұл шешім барлық өңірде қабылданған жағдайда елдегі 1,7 млн астам  жеке кәсіпкерге, 440 000 шағын бизнес, 2800 орта бизнес өкілдеріне және 50 000 астам дүкендерге қолайлы салық ортасы қалыптасады.

"Екіншіден, көлеңкелі экономика деңгейі төмендейді. Мысалы, көлеңкелі экономикаға қарсы шаралардың нәтижесінде соңғы 3 жылда бюджетке қосымша 2 трлн теңге түскенін білесіздер. Үшіншіден, қазір салық мөлшерін төмендету туралы шешімді қабылдаған Астана қаласы, Қарағанды және Қызылорда облыстарында бұл режимді  қолданатын кәсіпкерлер саны 2023 жылы 2151-ден астам болса, 2024 жылдың  басында  жалпы саны 6260-қа жеткен. Еліміздегі шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 36%, ал дамыған елдерде 50-60% екендігін ескере отырып, осы мақсатқа жету үшін түбегейлі және батыл әрекеттер жасау қажет", - деп жалғастырды ол.

Руслан Берденов 2024 жылдың 31 наурыз айына дейін бөлшек салық мөлшерін төмендету бойынша шешім қабылдауды ұсынып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу