Депутат ChatGPT шығарған өлең шумағын оқыды

324

Ол ЖИ-дің дамуымен ақын, жазушылар қаптамай ма деп мәселе көтерді. 

Депутат ChatGPT шығарған өлең шумағын оқыды Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Парламент қабырғасында ChatGPT шығарған өлең шумағын оқып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазір мен осында отырып ChatGPT-ге "Ерлан Саиров туралы өлең керек. Ол депутат, саясаткер. Шығыс Қазақстанның тумасы. Олигархтармен аяусыз күресіп жатыр" деп тапсырма бердім. Маған бес шумақ өлең жазып берді", - деді Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов.

Мәжілісмен жасанды интеллект шығарған өлеңнің бір шумағын оқып берді.

"Қазір әлеуметтік желіде осындай қаптап жатыр. Жасанды интеллект туындыларына ешқандай авторлық құқық иесі жоқ. Технологиялық, коммуникациялық, инфрақұрылымдық тұрғыдан сөз жоқ керек. Ал енді шығармашылық тұлғалар, ақын, жазушылар, драматургтер қаптамай ма деген ой бар", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу