Бүгін мәжілістің бірінші жалпы отырысы өтуде. Отырыста депутат Дархан Мыңбай ант берді, деп хабарлайды abctv.kz.
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін", - деді Дархан Мыңбай мәжілістің жалпы отырысында.
Еске сала кетейік, осы жылдың ақпанында Дархан Мыңбай парламент мәжілісінің депутаты атанды.
Фархат Әміренов
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу