Дәулет Мұқаев депутат болғанына өкініп жүр ме?

771

Халық қалаулысы әр адам абыроймен еңбек атқаруы керек деген пікірде. 

Дәулет Мұқаев депутат болғанына өкініп жүр ме? Фото: zharar.com

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев депутаттық қызметіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Qasqa Jol” Youtube арнасының жүргізушісі спикерден “Депутаттыққа қатысты сізді өкініп жүр дейді. Осыған қатысты ойыңыз қандай?” деп сұрады.

“Өкінішім жоқ. Қандай жағдай болмасын елге қызмет ету. Өткенде де бір адамдар “Депутаттықтан кетіп қалсаңыз, қандай саламен айналысасыз” деп сұрақ қойды. Мен оқытушылық деп айтамын. Дипломым бар адаммын. Осы уақытқа дейін университеттерде сабақ бердім, үлкендерге де бағыт-бағдар бердім. Депутаттық ол – қызмет. Оның да өзіндік бір шегі бар. (…) Кім алдында не тұрғанын білмейді ғой. Бірақ басқа түскен тағдырға адам сол жолмен жүріп, абыроймен еңбек атқаруы керек деп есептеймін. Себебі қызмет ауысады, түрлі лауазым ауысуы мүмкін. Адамның бойындағы ауыспайтын, қалатын бір ғана нәрсесі ол – адамгершілігі. Адамгершілік қалпымыздан таймасақ екен деймін”, - деді Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу