Алматы қалалық әскери сотында 2023 жылдың 9 қазанында Нұрасыл Болатқа қатысты сот үкімі шыққан еді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Сотталушы сот тағайындаған жаза мерзімін толық өтеуіне байланысты босатылды, – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.
Халық қалаулысының ұлы Нұрасыл Болат 2023 жылдың ақпанында Алматыда заңгер мен оның күйеуін соққыға жыққан еді.
Сот үкімімен ол ҚК 107-бабының 2-бөлігі 1 және 5-тармақтарында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған жаза түрінде 1 миллион 700 мың теңге айыппұл салынды.
Кейіннен әлеуметтік желіде Нұрасыл Болаттың түнгі уақытта емін-еркін жүргенін бейнелейтін видео тарады. Осыған байланысты Медеу ауданының №2 аудандық соты пробация қызметінің Нұрасыл Болатқа қатысты жазаны бас бостандығын шектеуді одан айырумен ауыстыру туралы өтінішхатын негіз деп танып, оны 1 жыл, 5 ай, 10 күнге бас бостандығынан айырды.